Өскеменде құрылыс дүкенінен өрт шықты
https://youtu.be/lxHkbE1Kg14?si=lmU8XVnP7I1VxS84
Өскемен қаласындағы Пограничная көшесінде орналасқан құрылыс дүкендерінің бірінде өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, шатыр мен қабырға арасындағы жылытқыш материал отқа оранған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға орнына шұғыл жеткен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті толық сөндіріп, бір газ баллонды қауіпсіз аймаққа шығарып үлгерді. Жедел қимылдың арқасында жарылыстың алдын алды.
Құтқарушылардың айтуынша, өрт сөндіру жұмыстары бірнеше бөлімшенің күшімен жүргізілді. Оқиға орны қоршалып, дүкен маңындағы тұрғындар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты шығу себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Видео: ШҚО ТЖД
Фото: скрин




