KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

Ұлан ауданы әкімінің орынбасарлары тағайындалды – ШҚО

8.09.2025, 14:30 279 Ержан Әбіш

Ұлан ауданында кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Аудан басшысының 5 қыркүйектегі өкімдерімен екі жаңа әкім орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлан ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Сәдуақасов Рустам Семейбайұлы Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметіне келді. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, құрылыс, жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.

Рустам Семейбайұлы 1985 жылы Зайсан ауданының Дайыр ауылында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 2007 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Инженер-технолог» мамандығы бойынша тәмамдады; 2013 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономика және бизнес бакалавры» дәрежесін алды; 2018 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Құқық бакалавры» мамандығын меңгерді.

Еңбек жолында түрлі салаларда қызмет еткен. 2024 жылдан бері Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды. 

Аудан әкімінің өкімімен әкім орынбасары қызметіне Піржанов Маделхан Мәдібекұлы тағайындалды. Ол жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт, ішкі саясат салаларына жауапты болады.

Маделхан Мәдібекұлы 1992 жылы Қызылорда қаласында туған. 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары түрлі салада еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтады. Соңғы қызметі – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу