KZ
Өскемен
-31°
переменная облачность жел 2 м/с, З
512.16 594.72 6.57

«Таза Қазақстан»: алтайлықтар жаппай сенбілікке шығып, көшет екті

7.09.2025, 12:00 252 Ержан Әбіш

Алтай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең көлемді сенбілік және көшет отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара аудан тұрғындарын, еңбек ұжымдарының өкілдерін, жастарды, еріктілер мен белсенді азаматтарды біріктірді.

Жалпы жиналу Мәдениет орталығының алдында өтті. Осы жерден қатысушылар белгіленген учаскелерге бөлініп, аумақтарды тазалау мен көгалдандыру жұмыстарына белсене кірісті. Ортақ күш-жігердің арқасында қоғамдық орындар тазаланып, саябақ аймақтары ретке келтіріліп, ондаған ағаш пен бұта отырғызылды.

Акцияның негізгі мақсаты – аудан аумағын таза әрі жайлы ету ғана емес, экологиялық мәселелерге назар аудару, табиғатқа және туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрманбаев:

Тұрғындар ортақ іске жұмылған кезде ерекше бір бірлік пен жауапкершілік атмосферасы қалыптасады. Сенбілікке қатысып, ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз, - деп атап өтті.

Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты тәрбиелеуге және бұл құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуге септігін тигізеді.

Алтай ауданы «Таза Қазақстан» бастамасына қатыса отырып, туған өлкемізді таза, жасыл және көрікті етуге бағытталған жұмыстарын одан әрі жалғастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу