Риддерге қарасты 11 елді мекен толықтай ауыз сумен қамтылған – ШҚО
Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін халықты толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бүгінде Риддер қаласына қарасты 11 елді мекеннің барлығы 100% ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл қалада су жүйелерін жөндеуге 4,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде: Самоквитова көшесіндегі су бұру желілерін ағымдағы жөндеу – 3,3 млн теңге;
Абай даңғылы 38 және 42 үйлердегі су желілерін жөндеу – 1,2 млн теңге.
Сонымен қатар, қаладағы ең өзекті мәселенің бірі – «Гавань» ауданы. Мұнда 80-ге жуық үй ауыз суға зәру болып келген. Бұл түйткілді шешу үшін өткен жылы қала әкімдігі ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын су құбыры желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген. 2024 жылдың желтоқсан айында жоба сараптамадан оң қорытынды алды. Оның жалпы құны – 106,1 млн теңге.


