KZ
Өскемен
снег жел 8 м/с, Ю
509.94 593.88 6.43

Олжас Бектенов: «Биыл елімізде 190 жаңа ірі кәсіпорын ашылады»

Фото: primeminister.kz

15.07.2025, 15:00 274 Арайлым Орсаринова

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-министр Олжас Бектенов елдегі экономикалық даму мен жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Нақты табысты арттыру үшін экономиканы дамытуымыз керек. Ол үшін жаңа кәсіпорындар ашып, жаңа жұмыс орындарын құру қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл бағытта белсенді әрі кешенді шаралар қабылданып жатыр. Биылдың өзінде 190 жаңа ірі кәсіпорын ашылады. Әрине, бұл жұмыс күшін қажет етеді. Сондықтан азаматтар жоғары жалақысы бар жұмысқа орналасып, өмір сүру деңгейін жақсарта алады. Мемлекеттің басты міндеті – әр адамға мүмкіндік беру», – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол әлеуметтік көмек тек еңбекке қабілетсіз және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға берілетінін атап өтті.

Қазіргі уақытта enbek.kz еңбек биржасында 100 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, инженерлер мен IT-мамандарға сұраныс жоғары. 

«Кейбір кәсіпорындар қажетті кадрларды шетелден әкелуге мәжбүр. Бұл мәселені жан-жақты ойластыру қажет. Жалпы, елімізде «жұмыс істеймін» деген адамға жұмыс табылады», – деп түйіндеді Олжас Бектенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу