KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, З
502.27 597.15 6.57

Өскеменде автобус пен автокран қақтығысып қалды

21.02.2020, 09:18 1 731

Өскеменде автобус пен автокран қақтығысып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы таңғы сағат жеті жарым шамасында Согра кентінде болған. Полицияның мәлімдеуінше, қоғамдық көліктің жүргізушісі күн райының қолайсыздығын ескермей, жол апатына себепкер болған.

– №32 автобустың жүргізушісі күн райының қолайсыздығын ескермей, жолдан шығып кеткен. Осылайша қарсы бағытта келе жатқан автокранға барып соғылды. Зардап шеккендер жоқ. Қоғамдық көліктің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу