KZ
Өскемен
-23°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
509.75 594.67 6.46

Өскеменде Халықаралық инвестициялық форум өтеді 

depositphotos.com

20.08.2025, 11:40 644 Төлеуғазы Жансая

Көлемді шара – «Altai Invest-2025» биыл күзде өтеді. Форумның мақсаты – облыстың инвестициялық әлеуетін таныстыру және жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты жолға қою, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі отырысында белгілі болғандай, қыркүйек айында Өскемен қаласында Халықаралық инвестициялық форум «Altai Invest-2025» өтеді. 

Көлемді шараға халықаралық бизнес-қоғамдастық өкілдері қатыспақ. Форумның мақсаты – облыстың инвестициялық әлеуетін таныстыру, жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, экономиканың басым салалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру. 

Форум аясында отандық және шетелдік бизнес құрылымдарымен бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр.

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу