Тіл - асыл құндылық
Фото: gov.kz
Тіл дегеніміз – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлім- тәрбиесі, қатынас құралы, іс жүргізу тілі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы, бізге ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұрамыз, рухани байлығымыз.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақтың атадан балаға мұра етіп қалдыратын екі қазынасы бар, оның біріншісі-байтақ жері, екіншісі – бай тілі» дегендей, осы баға жетпес асыл мұрамызды, құндылығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әр азаматтың парызы деп ойлаймын.
Еліміздің Ата Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп көрсетілген.
Мемлекеттік тіл - қазақ тілін жетік меңгеру – жас ұрпақтың елдігін, ұлттық қасиетін сақтап қалуының кепілі, тіліміздің байлығы-ұлт мақтанышы.
Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын да – осы тіл.
Бүгінгі күнде қазақ жерін мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Олардың әрқайсысының ана тілі, салт-дәстүрі бар.
Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, ол Қазақстанда тұратын , оны Отаным деп қабылдайтын әрбір азаматтардың тілі, ал осы тілді дамыту, оның қолдану аясын кеңейту – бәрімізге ортақ міндет деп санауымыз керек.
Тіл – мәңгілік құндылық, осы құндылықты сақтау - асыл парызымыз.
Асыл құндылығымыздың құны жойылмауы үшін біз өзіміздің сөйлеу мәдениетімізді қалыптастыру арқылы үлес қосатынымыз айдан анық!
Өскемен қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маман-сот отырысының
хатшысы
Айжан Кусаинова