KZ
Өскемен
-28°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

ШҚО-да «Жауғашты» магистральды каналына жөндеу жұмыстары жүргізілуде

24.09.2025, 16:00 224 Төлеуғазы Жансая

«Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы су шаруашылығы нысандарын күтіп-ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда «Жауғашты» магистральды каналының бас құрылысжайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, қақпа жақтаулары ауыстырылып, кіреберіс бөлігінің түбі бетонмен бекітілуде. Бұл өз кезегінде гидротехникалық нысанның беріктігін арттырып, су беру жүйесінің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Жөндеуге 5 маман мен 3 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан шаралар суармалы алқаптарға су жеткізу тиімділігін арттырып, шаруалардың алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу