KZ
Өскемен
-16°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

23 қыркүйекте еліміздің бірнеше облысында қатты жауын-шашын мен екпінді жел соғады

stock.adobe.com

23.09.2025, 11:30 228 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 23 қыркүйек күні еліміздің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Сонымен қатар бірнеше облыста төтенше өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алматы облысында күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда жаңбыр аралас қар түсуі ықтимал. Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

  • Алматы қаласында қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел екпіні 18 м/с.

  • Қонаев қаласында найзағай болжануда, жел 15-20 м/с.

Жетісу облысында оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Талдықорған қаласында қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанған. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Бірқатар аймақта төтенше өрт қаупі бар.

  • Тараз қаласында найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

  • Өскемен қаласында жел 15-20 м/с күшейеді.

Абай облысында оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр күтіледі, күндіз бұршақ жауады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

  • Семей қаласында күндіз найзағай болжануда.

Қарағанды облысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

  • Қарағанды қаласында найзағай мен бұршақ күтіледі.

Ұлытау облысында найзағай, бұршақ болжанған. Желдің күші 20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Жезқазған қаласында найзағай күтіледі.

Түркістан облысында таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Өңірде төтенше өрт қаупі бар.

  • Шымкент пен Түркістан қалаларында өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз найзағай болжанған. Желдің екпіні 15-20 м/с.

  • Астана қаласында күндіз найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

  • Петропавлда да осындай ауа райы күтіледі.

Павлодар облысында найзағай, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі.

  • Павлодар қаласында күндіз бұршақ болжанған.

Қостанай облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Орал қаласында да осындай жағдай.

Атырау облысында да төтенше өрт қаупі бар.

  • Атырау қаласында өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Халыққа ескерту: ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға абай болу, жел күшейген сәтте ғимараттар мен ағаштардың көлеңкесінде тұрмау, ал автокөлік жүргізушілеріне жолда барынша сақ жүру ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу