KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
494.63 583.22 6.42

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі

pexels.com

19.09.2025, 11:00 262 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 19 қыркүйекте еліміздің бірнеше облысында найзағай, бұршақ, қатты жел және тұман сияқты қолайсыз құбылыстар күтіледі. Сондай-ақ өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталатын аймақтар бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Павлодар облысында күндіз батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл тұрады. Найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодар қаласында найзағай күтіледі.

Қарағанды облысында күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай мен бұршақ болады. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қарағанды қаласында күндіз найзағай, түнде тұман күтіледі.

Ұлытау облысында күндіз шығысы мен оңтүстігінде найзағай мен бұршақ түседі. Түнде және таңертең шығысында тұман болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында күндіз батысы мен орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Оңтүстігінде жоғары, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында күндіз найзағай ойнап, жел күшейеді.

Жамбыл облысында солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейеді, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да осындай жағдай болады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай күтіледі, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысында күндіз батысы, солтүстігі және орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, батысында 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысы мен таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде төтенше, жалпы облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды, таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Көкшетау қаласында да тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Петропавл қаласында да осындай жағдай тіркеледі.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өрт қаупі жоғары деңгейде.

Батыс Қазақстан облысында батысы, оңтүстігі және шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстігінде жоғары, батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу