KZ
Өскемен
-3°
снег жел 1 м/с, ОБ
503.44 593.35 6.55

8 қыркүйекте бірқатар өңірлерде дауыл, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі

stock.adobe.com

8.09.2025, 12:00 242 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 8 қыркүйек күні еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ақмола облысында күндіз солтүстік және шығыс аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжануда. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

  • Астана қаласында найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі.
  • Көкшетауда түнде және таңертең найзағай болжануда.

Павлодар облысында түнде батысында қатты жаңбыр жауып, күндіз оңтүстік және шығысында бұршақ түседі. Жел екпіні 20 м/с дейін күшейеді. Павлодарда найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында және Жетісу облысында күндіз найзағай болжанады. Талдықорғанда күндіз найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында найзағай болып, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда жел күшейіп, өрт қаупі жоғары болады.

Түркістан облысында солтүстігінде шаңды дауыл болжануда. Желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда жел екпіні күшейеді.

Қызылорда облысында найзағай, шаңды дауыл болжануда. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтауда тұман күтіледі. Атырауда төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында найзағай күтіледі, желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Бірқатар аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында түнде найзағай, кей жерде тұман болжануда. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай, тұман болжануда. Желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қарағанды облысында найзағай, дауыл күтіледі. Кей жерлерде жел екпіні 20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай болжанады.

Ұлытау облысында күндіз найзағай, шығысы мен оңтүстігінде дауыл болжануда. Желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Бірқатар аудандарда төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады. Желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Өскеменде найзағай болжанады.

Абай облысында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 28 м/с дейін жетуі ықтимал. Семейде күндіз найзағай болады.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты абай болуға шақырады. Жоғары өрт қаупі бар аймақтарда отты абайлап қолдану қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу