KZ
Өскемен
-3°
снег жел 1 м/с, С
505.17 599.54 6.59

Ұлттық банк 2026 жылғы Олимпиада ойындарына арналған коллекциялық монета шығарады

Фото: Ұлттық банк

Бүгін, 15:30 50 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты коллекциялық монетасын айналысқа шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Монета 1000 теңге номиналына ие, 925 сынамалы күмістен жасалған және proof сапасында, түсті басып шығару технологиясы қолданылып дайындалған. Оның массасы 20 грамм, диаметрі – 37 мм. Монетаның таралымы шектеулі – барлығы 2000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен бірлесе әзірленді.

Монеталарды қашан сатуға шығаратыны туралы қосымша ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланатын болады.

Айта кетейік, бұл монеталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында өзінің номиналды құнымен төлем жасауға жарамды. Сондай-ақ олар кез келген банкте есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауда қолдануға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу