KZ
Өскемен
-16°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Риддерде жасөспірім жоғалды

Кеше, 12:00 62 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жоғалып кеткен жасөспірім аман-есен табылды. Риддер қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған жасөспірімнің сабақтан кейін үйіне оралмай, ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағаны жөнінде хабарлама түскен. Ата-ананың алаңдаушылығы бірден ескеріліп, оқиға бойынша жедел іздестіру шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Altainews.kz.

ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері екі тәуліктен астам уақыт бойы тынымсыз іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аталған шараларға жедел қызметтермен қатар учаскелік инспекторлар жұмылдырылып, іздеу ауқымы кеңейтілді.

Құқық қорғау органдарының кәсіби және үйлесімді жұмысы, сондай-ақ бейжай қарамай, қолдау көрсеткен азаматтардың көмегінің нәтижесінде жасөспірімнің жүрген жері анықталды. 

Кейін учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында қауіпсіздік ережелері, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі және осындай жағдайлардың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді.

Тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіре отырып, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге, олармен тұрақты байланыста болуға шақырады. Күмәнді немесе алаңдатарлық жағдайлар туындаған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласу қажеттігін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу