ШЫҰ және жасанды интеллект: Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде жасанды интеллектті ұйымның болашақтағы негізгі даму бағыты ретінде атады. 2033 жылға қарай жаһандық AI нарығы 5 трлн долларға жетеді деп күтілуде, ал ШЫҰ бұл салада әлемдік флагманға айналуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазақстан Астанада ШЫҰ бойынша алғашқы Эксперттік форумды өткізу және 2027 жылы «ШЫҰ экономикасына қызмет ететін жасанды интеллект» атты халықаралық конференция ұйымдастыруды ұсынды.
Қазақстан Президенті жанындағы Қазақcтан стратегиялық зерттеулер институтының эксперті Әлия Мұсабекованың айтуынша, бұл қадам ШЫҰ-ны қауіпсіздік пен инфрақұрылымнан технологиялық интеграцияға айналдыруға, сондай-ақ аймақ елдерінің медицина, логистика және қала басқаруында «ақылды шешімдер» енгізу қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақстан үшін AI – ұлттық стратегияның бөлігі. Digital Bridge платформасы арқылы ел IT-дискуссиялардың халықаралық алаңына айналып, ШЫҰ AI форумын ұйымдастыру арқылы аймақтық цифрлық хаб мәртебесін күшейтеді. Бұл қадам елдің экономикасының болашағын тек мұнай мен уранға емес, технологияларға да байланыстыратынын көрсетеді.
Мұсабекова атап өткендей, Қазақстан прагматикалық тәсіл ұстанып, жаңа технологиялық стандарттарды қалыптастыруда ШЫҰ елдерінің көшбасшысы болуға ұмтылып отыр.