KZ
Өскемен
-33°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Ертең Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

6.06.2025, 15:00 347 Ержан Әбіш

Өскемен қаласының әкімдігі жәрмеңке өткізу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлады. Бұл өзгерістер жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

7 маусымға жоспарланған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бұрынғыдай «Алтай» көтерме-үлестіру орталығының (Жібек Жолы көшесі, 44) аумағында өтпейді, бұл жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алайда қала тұрғындары балғын өнімсіз қалмайды. Дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Достық үйінің алдындағы алаңда (Н. Назарбаев даңғылы, 68) өтеді. Жәрмеңке сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңкеге Өскемен мен оған іргелес аудандардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері қатысады. Келушілерге келесі өнім түрлері ұсынылады: балғын ет және сүт өнімдері, шұжықтар, бал, көкөністер мен жемістер.

Барша қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынатын жәрмеңкеге шақырамыз!

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу