KZ
Өскемен
-38°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Доллар мен рубль арзандап жатыр

Сурет: kapital.kz

8.06.2023, 09:59 375 Оразай Жеңісұлы

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Астанадағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар 443,5–447,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5-449 теңге аралығында құбылып тұр.

7 маусымда кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1, 19 теңгеге төмендеп, 446,56 теңге болған.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,49 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39 – 5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада 5,35-5,5 теңгеден сатылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу