KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
506.7 593.14 6.53

Өскеменде тағы да жәрмеңке. Қай ауданнан?

1.02.2023, 18:19 1 124 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде сенбі күні ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Өскемен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 14 қаңтардан бастап жәрмеңкелер өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелері әдеттегідей «Fresh-Market» сауда-логистикалық орталығы аумағында өтеді.

4 ақпанында, яғни осы сенбіде жәрмеңкеге Алтай ауданының өнімдері әкелінеді.

Қала тұрғындары мен қонақтары сертификатталған және сапалы тауарларды төмен бағамен тікелей тауар өндірушілердің өздерінен нарықтық бағадан орта есеппен 15% - ға төмен бағамен сатып ала алады.

Өтетін уақыты: 4 ақпан, сағат  8-00-ден 14-00-ге дейін

Өтетін орны: Fresh-Market

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу