KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Семейдегі орман өрті ауыздықталды

26.04.2020, 06:04 1 159

Семейдегі орман өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді.

 – Өрт сөндірушілер 25 сәуір күні 19:00-де өртті толық өшірді. Жалын 3948 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысындағы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған болатын. Құтқарушылар қызмет орындарына қайтып жатыр, – делінген комитеттің хабарламасында.

Еске салайық, орман өрті 23 сәуірде басталған еді. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 400-ден аса қызметкері мен 100-ден аса техникасы және дүниежүзіндегі ең үлкен тікұшақ – МИ-26Т жұмылдырылды. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу