Нұрымбет Сақтағанов: Әкімдер жұмысының басты көрсеткіші – тартылған инвестиция көлемі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір экономикасының дамуы тікелей инвестиция көлеміне байланысты екенін айтты. Оның пікірінше, негізгі капиталға тартылған инвестиция – қалалар мен аудандар әкімдерінің жұмысын бағалаудағы басты көрсеткіш болуға тиіс, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Әкім әрбір инвестициялық жоба бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін жасап, жобаларды іске асыру барысында туындайтын кедергілерге дер кезінде әрекет ету қажеттігін атап өтті.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп, энергетика, туризм және агроөнеркәсіптік салаларда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Облыс басшылығы бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, тұрақты экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын құруға басымдық бермек.
Фото: Махаббат Ахметжанова

