Мемлекет нақты мұқтаж жандарға ғана атаулы қолдау көрсетеді — Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Altainews.kz ел Үкіметіне сілтеме жасап.
Фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып, жүргізілуге тиіс екені атап өтілді. Сол арқылы орын алған теңсіздіктерді теңдестіру қажет.
Ал энергетика және коммуналдық сектордағы жұмыс тәсілін уақтылы және сапалы жүзеге асыру қажеттігіне баса назар аударылды.
Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны нақты іске асыруға кірісу тапсырылды.