Қазақстандағы инфляция: 2025 жылғы желтоқсан қорытындысы
2025 жылғы желтоқсан айында Қазақстанда айлық инфляция деңгейі 0,9% болды. Бір ай ішінде азық-түлік тауарлары 1,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%, ал ақылы қызметтер 0,6% қымбаттаған, деп хабарлайды Altainews.kz.
Желтоқсан айында кейбір азық-түлік бағасы төмендеген. Атап айтқанда:
апельсин – 2,6%,
сәбіз – 2%,
қант – 1,3%,
жұмыртқа – 0,1% арзандады.
Алайда бірқатар азық-түлік өнімі қымбаттады:
қоюлатылған сүт – 2,1%,
қатты ірімшік – 1,8%,
көкөніс шырындары – 1,6%.
Жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді. Мәселен, супрастин – 18,5%, энап – 5,2%, канефрон – 1,4%, ал йодомарин мен азитромицин – 0,9%-дан арзандаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында автомобильдер – 0,4%, электр құралдары – 0,9% арзандады. Ал смартфондар (0,9%) мен жеке гигиена тауарлары (1,1%) қымбаттады.
Коммуналдық қызметтерде су бұру тарифтері 2,4% өссе, суық су 0,9% төмендеді. Бір ай ішінде такси қызметтері – 1,8%, монша қызметтері – 2,1%, кинотеатр қызметтері – 2,9% қымбаттады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12,3% болды. Оның ішінде азық-түлік тауарлары – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11,1%, ақылы қызметтер – 12% өсті.
Жыл ішінде қызанақ – 7,9%, күріш – 4,8%, қияр – 4,7%, тәтті бұрыш – 2,7%, кептірілген өрік – 2% арзандады. Ал жүзім (7,7%) мен көк шай (7,9%) бағасы өскен.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ киімге арналған крем (10,8%), сантехникалық қоспалауыш (8,5%), электр бұрғысы (6,6%) қымбаттаған.
2025 жылы тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1% төмендеді. Ал аяқ киім жөндеу – 10,1%, пошта қызметтері – 8,9%, автосақтандыру – 6,5% қымбаттаған.
Айта кетейік, 2025 жылдан бастап тұтыну бағалары индексін есептеуде азық-түлік тауарларының үлесі 40%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер – 29,7% құрайды.
Инфляция көрсеткіштері ай сайын 508 тауар мен қызмет түрі бойынша есептеледі.