KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, СШ
508.91 594.36 6.33

Қазақстандағы инфляция мәліметтері жарияланды

Фото: pexels.com

2.12.2024, 20:00 348 Гульжан Мусина

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында тұтыну бағаларының айлық индексі 0,9 пайызды құрады (қазанда да осындай деңгейде болды). Төлемді қызметтер 0,8 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 0,7 пайызға, ал азық-түлік тауарлары 1,1 пайызға қымбаттаған,- деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Төлемді қызметтер 0,8 пайызға өскен:
ыстық су – 11,4 пайызға;
электр энергиясы – 3,4 пайызға;
қоқыс шығару – 2,2 пайызға;
орталықтандырылған жылыту – 2,1 пайызға.

Азық-түлік емес тауарлар 0,7 пайызға өскен:
отын – 1,4 пайызға;
тас көмір – 1 пайызға;
киім мен аяқ киім – 0,9 пайызға.

Азық-түлік тауарлары 1,1 пайызға қымбаттаған:
қияр – 40,3 пайызға;
қызанақ – 37,3 пайызға;
апельсин – 4,8 пайызға.

2024 жылғы қарашада жылдық инфляция 8,4 пайызды құрады. Төлемді қызметтер бағасы 13,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар – 8 пайызға, ал азық-түлік тауарлары – 5,4 пайызға өскен.

Өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда, келесі тарифтердің өсуі байқалды:

салқын су – 43,1 пайызға;
су бұру – 25,7 пайызға;
ыстық су мен электр энергиясы – 21,7 пайызға;
орталықтандырылған жылыту – 17,5 пайызға;
газ (тарату желілері арқылы тасымалданатын) – 11,7 пайызға;
қоқыс шығару – 10,3 пайызға.

Кешенді демалыс ұйымдастыру қызметі 22,3 пайызға, байланыс қызметі – 16,8 пайызға, шаштараз және жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері – 13,1 пайызға, денсаулық сақтау қызметтері – 12 пайызға, көлік құралдарын техникалық тексеру мен жөндеу – 11,6 пайызға, ритуалдық қызметтер – 11,2 пайызға, демалыс және спорттық шаралар қызметтері – 11,1 пайызға, қоғамдық тамақтану – 9,6 пайызға қымбаттады. Теміржол жолаушылар тасымалы – 24,5 пайызға, қалалық автобустар – 11,8 пайызға қымбаттады. Тұрғын үй жалдау ақысы 9,6 пайызға өсті.

Тауарлар бағасы қалай өзгерді?
аудио-визуалдық жабдықтар – 39,4 пайызға;
отандық жаңа жеңіл көліктер – 26,8 пайызға;
фармацевтикалық өнімдер – 10,5 пайызға;
киім мен аяқ киім – 10,4 пайызға;
жиһаз және тұрмыстық заттар – 10,1 пайызға;
жеке пайдалану тауарлары – 7 пайызға;
құрылыс материалдары – 5,9 пайызға өсті.
Отын 15,3 пайызға, газ баллондары – 9,2 пайызға, тас көмір – 8,5 пайызға қымбаттады.

Азық-түлік бағасы:
Бағасы айтарлықтай өскендер:

картоп – 28,2 пайызға;
қияр – 25,9 пайызға;
қызанақ – 25,5 пайызға;
темекі өнімдері – 15,8 пайызға;
басты пияз – 15,5 пайызға;
минералды және ауыз су – 13,9 пайызға;
кондитерлік өнімдер – 12,5 пайызға;
салқын сусындар – 11,3 пайызға;
жеміс және көкөніс шырындары – 10,2 пайызға.

Бағасы төмендегендер:
қарақұмық – 21,6 пайызға;
сәбіз – 10,2 пайызға;
ақ қауданды қырыққабат – 8,5 пайызға;
күнбағыс майы – 5,3 пайызға.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу