KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі жүзеге асып жатыр

1.08.2025, 09:30 1 334 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы мәселе қарастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін қолдауға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бағдарламаның негізгі міндеті ауыл тұрғындары үшін қолжетімді шағын несие беруді қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, кооперацияны дамыту және ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

2025 жылға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. 305 жобаны іске асыру және 305 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Қаржыландырудың басым бағыттары: туризмді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу.

Ауыл тұрғындарыныңқажеттіліктерін ескере отырып, мал шаруашылығын дамытуды басым бағыттарға қосу ұсынылды, оның ішінде: сүт-тауар фермаларын құру, ІҚМ бордақылау жөніндегі жобаларды іске асыру, құс шаруашылығын (жұмыртқа бағытында) дамыту, ұсақ мал өсіру.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу