KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
512.81 604.19 6.57

Абель Санчес Головкиннің жаңа бапкеріне баға берді

17.05.2019, 10:02 1 282

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес боксшының жаңа бапкері Джонатан Бэнкске жоғары баға берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Абель Санчес GGG-ге канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекте сәттілік тілей отырып, оның жаңа бапкері туралы ойын айтты.

 

– Роллспен жекпе-жекте сәттілік тілеймін. Бэнкстің ең мықты тұсы – үлкен жекпе-жектер өткізгенінде. Ол ештеңеден қорықпайды. Владимир Кличкомен бірге қаншама кездесу өткізді? Бес-алтау шығар. Кличконың жекпе-жектері – өте үлкен жекпе-жектер. Сондықтан Геннадий тәжірибелі маманмен жаттығуда. Джонатан – кәсіпқой әрі тәжірибелі бапкер, – деді Санчес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу