KZ
Өскемен
-11°
небольшой снег жел 3 м/с, З
509.84 595.75 6.47

ШҚО әкімі Зайсандағы маңызды нысандардың құрылыс барысын тексереді

9.01.2026, 11:00 104 Базарова Айгүл

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жоба – Зайсан ауданында салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылысымен танысады, деп хабарлайды Altainews.kz. Бұл нысан іске қосылған жағдайда ауданның көлік қолжетімділігін арттырып, туризм мен экономикалық дамуға серпін бермек.

Сонымен қатар облыс басшысының аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуі жоспарланған. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекендердегі өзекті мәселелер және алдағы жоспарлар талқыланбақ.

Сондай-ақ, бүгін Зайсан ауданында бірқатар маңызды іс-шара шара өтеді. Айнабұлақ ауылында жаңа спорттық модульдің салтанатты ашылуы ұйымдастырылса, Жарсу ауылында мектеп жанынан салынған спорттық корпус пайдалануға берілмек. Бұл нысандар ауыл тұрғындары мен балалардың спортпен шұғылдануына, жалпы бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу