Игілік ауылында 50 орындық мектеп есігін айқара ашпақ
Биыл Марқакөл ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге аспақ. Игілік ауылында 50 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар екі жаңа білім ордасын салу жөнінде меморандумға қол қойылды. Оның бірі – Төсқайың ауылында 100 орындық мектеп, екіншісі – Қайнарлы ауылында 50 орындық мектеп болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылы ауданда бес білім беру нысаны жөндеуден өтті. Атап айтқанда, №1 Марқакөл орта мектебі, Марқакөл ауылындағы мектеп-интернат-колледждің жатақханасы, Қазақстан және Ақбұлақ мектептері жаңартылды. Сондай-ақ Қалжыр орта мектебіндегі қазандықтың жылыту жүйесі толық жөнделді.
Фото: Жібек Нұрахмет












