13 млн теңге алаяқтық жасаған күдікті Грузияда ұсталды
stock.adobe.com
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда қолға түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Күдікті 2022 жылы танысын алдап, оның атына 13 миллион теңге көлемінде автонесие рәсімдеткен. Қаражат қолына тиген соң, ол көлік сатып алып, несиені төлеместен, міндеттемелерін орындаудан жалтарып, ел аумағынан жасырынған.
Ұсталған азаматты елге экстрадициялау мәселесі заң аясында қарастырылып жатыр.
ІІМ мәліметінше, мұндай шаралар «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылуда. Министрлік жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтарға қарсы жұмыстарын жалғастырады.