KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, ОБ
501.79 595.07 6.56

ШҚО тұрғыны танысын чипсы сататын бизнес ашуға сендіріп, 23 миллион теңгесін алдап алған

pexels.com

4.12.2024, 19:00 277 Төлеуғазы Жансая

Полиция қызметкерлері ірі көлемдегі алаяқтық дерегін ашты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

31 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны танысына чипсы сататын ортақ бизнес ашуды ұсынған. Ол бұл кәсіптің жоғары табыс әкелетінін айтып, серіктесінен 23 миллион теңге инвестиция салуды сұраған. Алайда, жоба іске қосылудың орнына, күдікті бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және байланысқа шықпай қойған.

Тергеу барысында күдікті ұсталып, сұрақ-жауап кезінде кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Қаржылық келісімшарттарға немесе инвестиция салуға дейін ақпаратты мұқият тексеру керектігін ескертеді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу