KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
502.27 597.15 6.57

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қандай?

Фото: egemen.kz

22.06.2023, 10:38 483

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 22 маусымға арналған бағамын белгіледі.

Дәлірек айтсақ, 1 доллардың құны – 447,40 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,32 теңге, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

21 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,77 теңгеге төмендеп, 447,53 теңге болған. Ресей валютасы – 5,31 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447-451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,5-449,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,21-5,45 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,27-5,37 теңгеден саудаланып жатқан көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу