KZ
Өскемен
-16°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Шығысқазақстандықтарға тауға бармау туралы ескертілді

5.02.2021, 11:04 741

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тауда қар көшкіні жүру қаупі туралы ескертілді.

"Қазселденқорғау" ММ филиалының ақпараты бойынша қауіп 7 ақпанға дейін сақталады.

"Желдің соғуы, қардың көп болуы, температураның жоғарылауы - мұның бәрі таудағы қар көшкінін туғызуы мүмкін. Тауға барудан және таулы жерлерден аулақ болыңыз,  көшкін қаупі бар беткейлерден өтіп бара жатқанда абай болыңыз", - деді ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына.

Облыстағы  336 беткейде қар көшкіні жүруі мүмкін. 

ШҚО жолдарында жалпы ұзындығы 105 км құрайтын 16 қаупті  учаске бар: Өскемен – Самара,  Өскемен-Алтай,  Согорное – Барлық, Берел – Рахман қайнарлары (Катонқарағай ауданы), Зубовка – Путинцево, Лениногорск-Чекмарь кеніші.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу