KZ
Өскемен
-10°
туман жел 1 м/с, С
503.9 603.32 6.61

Өскеменде демалыс күндері төрт үлкен жәрмеңке өтеді

31.10.2025, 17:00 225 Базарова Айгүл

Осы сенбі, 1 қараша күні Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары бірден төрт жәрмеңкеге қатысып, жергілікті өндірушілердің жаңа әрі табиғи өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Аltаinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарына ет пен сүт өнімдері, бал, көкөніс пен жеміс-жидектер, сондай-ақ түрлі тағамдық тауарлар ұсынылады. Жәрмеңкелер қаланың бірнеше алаңында ұйымдастырылады:

«Алтай» көтерме-тарату сауда орталығы – Жібек Жолы көшесі, 44;

«ДосНар» сауда үйі – Виноградов көшесі, 17а;

«Теміржолшылар паркі» (Защита ықшам ауданы) – Тынышпаев көшесі, 122;

«Керуен» сауда үйі (КШТ ауданы) – Өтепов көшесі, 3.

Ауқымды жәрмеңке «Алтай» орталығында өтпек. Мұнда Үлкен Нарын ауданынан келген шаруалар мен өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Аталған шара облыстық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында өтіп жатқан Үлкен Нарын ауданының мәдени күндеріне орайластырылған. Келушілер үшін ұлттық ойындар мен көңілді спорттық-мәдени бағдарлама дайындалған.

Барлық жәрмеңке таңғы сағат 8:00-ден түскі 15:00-ге дейін жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын сапалы өнім мен көтеріңкі көңіл-күй алуға шақырады.


Роксана Глыбова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу