2025 жылы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша әр бала қанша ақша алады?
pexels.com
Қаржы министрі Мәди Такиев келесі жылы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында қазақстандық балаларға қанша қаражат бөлінетінін айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұрторе Жүсіп Үкімет пен Ұлттық банк өкілдерінен балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы есепшоттарындағы ақшаның инфляция мен құнсызданудан қалай қорғалатынын сұрады.
Қаржы министрі Мәди Такиев балалардың есепшотына аударылған және сақталатын қаражаттың долларда болатынын, сондықтан инфляциялық әсерден қорғалғанын айтты. Сонымен қатар, бұл сома өсіп отыратынын атап өтті.