Алтайдағы инфрақұрылымдық жаңғырту: таза су, тұрақты жылу, жылдам интернет және әлеуметтік жобалар
Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданында инфрақұрылымды жаңарту – өңірдің тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың басты факторы болып отыр. Аудан тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов негізгі бағыттарды атап өтті: сумен жабдықтау, жылу жүйесі, цифрлық қолжетімділік және тұрғын үй мәселесі. Әр бағыт бойынша жобалар іске қосылған, қаржыландыру бөлінген, жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар берілген деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Таза су – тұрғындардың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Алтай ауданында қазіргі уақытта 45 елді мекен сапалы сумен қамтылған, бұл барлық тұрғындарға ішетін таза суға толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Биылғы жылы іске қосылған ірі жобалар:
Алтай қаласының батыс бөлігіне су желілерін және құрылыстарын реконструкциялау (III кезең) – жалпы құны 1,9 млрд теңге, республикалық бюджеттен 390 млн теңге бөлінді;
Серебрянск қаласының су желілерін жаңарту – жалпы құны 1,7 млрд теңге, бастапқы қаржы 300 млн теңге.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары 67 млн теңгеге жүргізілді: Алтай – 36,2 млн, Серебрянск – 12,3 млн, Чапаево – 8,5 млн, Парыгино – 10 млн.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевқа және облыстық энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына барлық жобалардың сапалы және уақытылы іске асуын бақылауды тапсырды. Сондай-ақ 2026 жылға бюджет мүмкіндіктерін қарау және есеп беру мерзімі 20 желтоқсан 2025 жыл деп белгіленді.
Жылумен қамту
Ауданның жылу жүйесі де жаңартуды қажет етеді. Қазіргі уақытта бес қазандық жұмыс істейді: Алтай қаласы, ТОО «Қазцинк» алаңы, Серебрянск қаласы, Жаңа Бухтарма поселкесі және Средигорное ауылы. Орталық жылумен 2441 нысан қамтылған: 1124 жеке үй, 595 көпқабатты тұрғын үй, 659 заңды тұлға және 63 әлеуметтік нысан.
Биыл жылу көздерін ағымдағы жөндеуге 284,4 млн теңге жұмсалды, оның 231,5 млн теңгесі облыстық, 52,9 млн теңгесі аудандық бюджеттен.
Жаңа Бұқтырма кентінде ішкі жылу желілерін реконструкциялау (II кезең) жобасының жалпы құны 9,2 млрд теңге. 2025 жылға дейін 2,5 млрд теңге игерілген, тағы 1 млрд теңге бөлінді. Жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланған.
Серебрянск қаласындағы жылу желілерін реконструкциялау үшін 300 млн теңге бөлінген, жалпы құны 1,8 млрд теңге, іске асыру мерзімі 2025-2027 жылдар.
2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету үшін 414 млн теңге жанар-жағармайға қарастырылған. Облыс әкімі жүйелі түрде барлық жұмыстардың сапасын қадағалауды тапсырды.
Тұрғын үй мәселесі
«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 2024 жылы көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға 14 үй (27 пәтер) сатып алынған. 2025 жылы жоспарланған 9 үйдің 7-сі сатып алынды – 14 пәтер.
Алтай қаласында 3 үй (6 пәтер), Жаңа Бұқтырма кентінде 3 үй, Тұрғұсын ауылында 1 үй (2 пәтер). Қалған 2 үй жылдың соңына дейін аяқталады.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегі әлі де үлкен – 1 желтоқсан 2025 жағдайымен 1522 адам, оның ішінде:
710 жетім бала,
510 әлеуметтік осал топ өкілі,
45 көпбалалы отбасы,
16 тұрғын авариялық үйде тұрады,
241 мемлекеттік қызметкер, бюджет қызметкері, әскери қызметкер және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
Облыс әкімі 2025 жылдың соңына дейін қалған екі үйді аяқтауды тапсырды.
Интернет және цифрлық байланыс
Шығыс Қазақстанда интернетпен қамтылу 97,5% деңгейінде. Биыл соңына дейін қосымша 26 ауыл желіге қосылады, қалған 66 шағын елді мекен 2027 жылға дейін республикалық Дорожная картаға енгізілген.
Алтай ауданында интернетке 97,2% тұрғын қол жеткізген, бірақ 17 елді мекенде сигнал әлсіз немесе мүлде жоқ, онда 2231 адам тұрады.
Жылдың басты жобаларының бірі – Быково ауылында антенна-мачта құрылысы, құны 91,8 млн теңге. Жұмыстар 30 қыркүйекте аяқталған, жабдықтар желтоқсанға дейін іске қосылады. Қалған 13 ауылды кезең-кезеңімен қосу 2027 жылға дейін жоспарланған. Мектептерде 23 Starlink пакеті орнатылып, алыс елді мекендерде де жылдам интернет қамтамасыз етілді.
Облыс әкімі барлық бағыт бойынша нақты тапсырмалар берді:
- су және жылу желілерін жаңарту,
- тұрғын үйлерді салу,
- интернет желілерін толық қамту,
- әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.
Барлық шаралар 2027 жылға дейін Алтай ауданында инфрақұрылымдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, тұрғындардың өмір сапасын арттырады және аудан дамуының белгілейді.
Дамир Омаров
Фото: Махаббат Ахметжанова