ШҚО-да «Шырға тарту» ұлттық спорт ойыны өтеді
Фото: depositphotos.com
28 тамыз күні Конституция күні мен Өскемен қаласының күні қарсаңында Ахмер ауылында дәстүрлі спорттық сайыс – «Шырға тарту» жарысы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Шырға тарту» – қазақ халқының көне ұлттық ойындарының бірі. Бұл сайыста тазы иттер жылдамдық пен ептілікті сынға салады. Көрермендерді тартысты дода мен ұлттық өнердің бай мұрасымен танысу күтіп тұр.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, шара мәдени дәстүрлерге құрметті арттырып, жастардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын оятуға бағытталған.
Жарыс 28 тамыз күні сағат 9:00-де Қабанбай батыр ескерткіші жанында басталады. Ұйымдастырушылар өскемендіктер мен қала қонақтарын мерекеге қатысып, сайысқа шыққан жүйріктерді қолдауға шақырады.
Роксана Глыбова