Қала күні: Өскеменде командалар жасыл алаңда сынға түседі
depositphotos.com
24 тамыз күні сағат 09:00-де Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Комсомол аралында Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мен Өскемен қаласының күніне арналған футбол жарысы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл шара – тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен бірге қаламыздың мерекелік көңіл-күйін арттыратын ерекше оқиға болмақ. Жарысқа әртүрлі ұйымдар мен спорт клубтарының командалары қатысып, жеңіс үшін тартысты ойын көрсетеді.
Көрермендерді жігерлі ойындар, қызықты сәттер және футболшылардың шеберлігін паш ететін әсерлі комбинациялар күтеді. Әр келген жан командаларды қолдап, спорт мерекесінің атмосферасынан қуат ала алады.