KZ
Өскемен
-12°
туман жел 3 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Қазақстанда арнайы білім беру ұйымдарының саны артып келеді

Фото: stock.adobe.com

25.07.2025, 14:00 448 Гульжан Мусина

2025 жылдың басынан бері елімізде тағы төрт арнайы білім беру ұйымы ашылды. Нәтижесінде мұндай мекемелердің жалпы саны 508-ге жетті. Бұл – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолжетімді жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 110 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 230 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), 99 арнайы мектеп, 45 арнайы балабақша, 13 оңалту орталығы және 11 аутизм орталығы жұмыс істеп тұр.

Арнайы білім беру ұйымдарының дамуы инклюзивті орта қалыптастыруға және ерекше білімді қажет ететін балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу