KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Астана – Өскемен: QAZAQ AIR тұрақты рейстерді қайта бастады

Шартты сурет

23.05.2023, 21:03 854 Мадина Амангелдіқызы

QAZAQ AIR Астанадан Өскеменге ұшуды қайта бастады.

22 мамырдан QAZAQ AIR Астана – Кызылорда – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта бастады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Рейстер аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 413 Астана 17:50 - Өскемен 19:30

IQ 414 Өскемен 20:10 - Астана 22:05.

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде броньдауға және сатып алуға болады.

QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қолжетімділігі үшін ұйымдастырылған маршруттық желісі бар қазақстандық әуе компаниясы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу