KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Шығыс Қазақстанда пульмонолог мамандардың жетіспеушілігі байқалады

25.11.2020, 16:54 451

Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Владимир Ли атап өтті.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда барлығы 13 пульмонолог жұмыс істейді. Мамандардың тапшылығы 7 адамды құрайды. 

- Жалпы, жұқпалы аурулар стационарларында коронавирусқа қарсы күреске инфекционист, анестезиолог–реаниматолог, пульмонолог, жалпы практика дәрігері, терапевт және кардиолог мамандары жұмылдырылды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда басқа да мамандықтардың дәрігерлері тартылуы мүмкін. Олар тікелей қызыл аймақтың ішінде кеңес бере алады. Карантиндік стационарларда бізде негізінен терапевттер мен жалпы практика дәрігерлері жұмыс істейді, – деді Владимир Ли.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу