ШҚО жолдарында шектеу: 07:00-де бес бағыт жабық
10 желтоқсан таңғы 07:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында бірқатар автожолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Бұған қарлы боран, көктайғақ және көрінудің төмендеуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz.
Қауіпсіздік мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.
Қазіргі таңда жалпы 5 учаске жабық, соның ішінде 4 — республикалық, 1 — облыстық деңгейдегі.
Глубокое – Шемонаиха (1104–1191 км) — республикалық жол
Белоусовка – Риддер (15–105 км) — республикалық жол
Герасимовка – Абай облысы шекарасы (10–103 км) — республикалық жол
Шемонаиха – Секисовка (0–56 км) — облыстық жол
Абай облысы шекарасы – Қасым Қайсенов кентіне бұрылыс (1013–1068 км) — республикалық жол. Айта кетейік, бұл бағытта көлік қозғалысы 9 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап тоқтатылған.
Жолаушыларға алыс сапардан бас тартып, ауа райы мен жол жағдайы туралы ресми ақпаратты бақылап отыру ұсынылады. Жолдардың ашылуы туралы мәліметтер қосымша хабарланатын болады.