KZ
Өскемен
-4°
туман Штиль
508.3 592.17 6.63

І республикалық «Үздік имам» интеллектуалды білім сайысында шығысқазақстандық наиб имам топ жарды

7.12.2025, 15:30 106 Базарова Айгүл

Астана қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш республикалық «Үздік имам» интеллектуалды білім сайысы өткізілді. Ел ішінде іріктелген үздіктер арасында Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Азатбекұлы Құсанбаев топ жарды. Салтанатты марапаттау рәсімі «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Марапаттау рәсіміне арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сайыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

«Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты міндетінің бірі– дін қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз көтеріп, ел бірлігіне, қоғам тұрақтылығына, отбасы құндылықтарына, ізгілік пен адамгершілікке үндейтін сауатты діни кадрлар даярлау. Өйткені имам мешіт қызметкері ғана емес, ол қоғамның рухани тірегі, ұлттық тәрбиенің, ел тыныштығы мен ұлт бірлігінің ұйытқысы. Бүгінгі білім сайысы әрбір имамның өз әлеуетін көрсетіп, білімін шыңдап, тәжірибесін байытуына үлкен мүмкіндіктуғызды деп есептеймін. Білім сайысына еліміздің әр облысынан іріктеліп келген ең үздік имамдар өздерінің білімі мен парасын паш етті. Сондықтан осы сайысқа қатысқан әрбір имам жеңімпаз атанды деп санаймын. Алла қаласа, имамдар арасындағы бұл жарыс жыл сайын жаңа деңгейде ұйымдастырылып, дәстүрге айналады деген сенімдемін», – деді Бас мүфти.

Әділқазылар алқасының шешімімен І республикалық «Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары төмендегідей:

- I орын: Бекзат Азатбекұлы Құсанбаев – ШҚО, Өскемен қалалық орталық мешітінің наиб имамы (500 мың теңге) 

- II орын: Нұрлан Мұрат – Жамбыл облыстық «Һибатулла Тараз» мешітінің наиб имамы (400 мың теңге)

- III орын: Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішев – Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб имамы (300 мың теңге)

Сонымен қатар, жарысқа қатысып, жүлдегерлер қатарына енбеген имамдарға 50 000 теңгеден ынталандыру сыйақысы берілді.


Фото: muftyat.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу