Шығыс Қазақстан облысы тұрақты даму үстінде: барлық экономикалық көрсеткіштер оң серпінге ие
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған арнайы баспасөз брифингін өткізуде. Аймақ басшысы жаңа сын-қатерлерге қарамастан, ШҚО тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Сандарды саралап өтсек, бүгінде өңірдегі өнеркәсіп өндірісі – 129%, инвестиция көлемі – 117%, құрылыс қарқыны – 116%, ауыл шаруашылығы – 115%-ке өсті. Жеке кірістер – 113%-ке ұлғайып, 195 млрд. теңгеге жетті.
23 мың жұмыс орны құрылды. Оның жартысынан астамы – тұрақты жұмыс орындары. Жұмыссыздық көрсеткіші – орташа республикалық деңгейінде тұрақтап, 4,6% құрады. Шығысқазақстандықтардың орташа айлық жалақы – 9,5%-ке өсіп, 403 мың теңгеге жеткен.