KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

Ел ауылдарында жыл соңына дейін 150 алғашқы медициналық көмек нысаны салынады

Фото: редакция мұрағатынан

6.07.2025, 13:00 291 Ержан Әбіш

Қазақстанда ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жаңа медициналық нысандар бой көтеруде. Құрылыс жұмыстары арнайы мемлекеттік қор, жергілікті бюджет және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы қаржыландырылып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы бағдарлама аясында 2025 жылға дейін елімізде шамамен 150 жаңа медициналық мекеме салынады. Сонымен қатар 508 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл бастаманың басты мақсаты – ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдармен қамтамасыз ету.

Аймақтар бойынша пайдалануға берілген нысандар тізімі мынадай:

  • Абай облысы – 62,

  • Қарағанды облысы – 41,

  • Батыс Қазақстан облысы – 49,

  • Түркістан облысы – 49,

  • Шығыс Қазақстан облысы – 35,

  • Ақмола облысы – 32,

  • Жамбыл облысы – 29,

  • Павлодар облысы – 28,

  • Қызылорда облысы – 27,

  • Қостанай облысы – 25,

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 46,

  • Алматы облысы – 17,

  • Жетісу облысы – 17,

  • Атырау облысы – 15,

  • Ақтөбе облысы – 20,

  • Ұлытау облысы – 13,

  • Маңғыстау облысы – 3.

Жоба ауыл тұрғындарына жақын жерден медициналық қызмет алуға мүмкіндік беріп, денсаулық сақтау саласының қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу