KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Мамандандырылған ХҚКО-лар мереке күндері жұмыс істей ме?

5.07.2023, 10:41 505 Оразай Жеңісұлы

Мамандандырылған ХҚКО-лар 7 және 8 шілдеде жұмыс істемейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" агенттігіне сілтеме жасап.

7 және 8 шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК ақпараттық жүйелерінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша техникалық жұмыстарға байланысты кезекші арнайы ХҚКО-лар жұмысы тоқтатылатыны хабарланды. Бұл ретте кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күндері клиенттерді қабылдай береді.

Айта кетейік, дүйсенбіде, 10 шілдеде арнайы ХҚКО-лар әдеттегідей сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін 6 және 9 шілде – демалыс күндері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу