KZ
Өскемен
-14°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Өскеменде Б.Александровты еске алуға арналған хоккей турнирі өтеді

25.07.2019, 10:54 534

Өскеменде Борис Александровты еске алуға арналған маусым алдындағы хоккей турнирі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыған дейін аталмыш турнирге алыс-жақын қалалардан хоккей командалары арнайы келіп қатысатын. Сол жылдары жарыстың мәртебесі біршама арта түскен еді. Биыл өкінішке орай турнирде небары төрт команда бақ сынасады. Ал жалғыз қонақ ұжым – Новокузнецкадан келген «Кузнецкие медведи» болмақ. Шаһар атынан атас екі команда – «Алтай Торпедо» мен «Торпедо-Жастар» сынға түседі.

Ойын 1 тамызда басталады. 13: 00-де «Алтай Торпедо» мен «Торпедо-Жастар» шайбаға таласады. 18: 30-да турнирдің ашылу салтанаты өтеді. Іле-шала сағат 19:00-де бір лигада өнер көрсететін «Алтай Торпеда» мен «Кузнецкие медведи» күш сынасады.

Кіру тегін екенін айта кетейік. Турнир 4 тамызға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу