KZ
Өскемен
-11°
небольшой снег жел 4 м/с, З
503.44 593.35 6.55

2020 жылы ескі банкноттарды айырбастамайтын болады

12.11.2019, 04:22 854


Қазақстанда 2020 жылдан бастап ескі банкноттарды айырбастамайтын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2020 жылдың 3 қазанында 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 1000 теңгелік банкноттарды қабылдау мен айырбастаудың үш жылдық мерзімі аяқталады екен.

-Жеке және заңды тұлғалардан банкноттарды қабылдау мен оларды қолданыстағы ұлттық валютадағы ақшаға айырбастауда комиссия алынбайды және сомасына шектеу қойылмайды, - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу