"1000 метр". Семей маңында сырғанақ тебуге арналған комплекс ашылды
Семей қаласының маңында демалушыларға арналған комплекс ашылды. Онда мұз айдыны, стюб, шана және шаңғымен сырғанауға арналған төбе (ұзындығы 1000 метр) бар.
Комплекс «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қарауындағы аумақта. Павлодар тас жолына шығар тұстағы орман шаруашылығында. Комплекстің ашылу салтанатына «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры Қайрат Хасенов, Бесқарағай ауданы әкімдігінің өкілдері және Шәкәрім атындағы университеттің оқытушылық құрамы қатысты.

Айта кетейік, комплекс күн сайын 9:00 – 22:00 аралығында жұмыс істейді. Сырғанауға қажетті құрал-жабдықтар мен тамақтануға болатын «беседкалар» жалға беріледі.