KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
507.05 594.82 6.51

Он бес балаға 159 мың теңге беріледі

18.02.2020, 04:12 2 810

Қазақстанда 15 баланы дүниеге әкелген анаға 159 мың теңге төленбек. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі  Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министрдің сөзінше, енді 8 балаға 85 000, 10 балаға – 106 000, 15 балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады.

Бұған дейін олар 8 не одан көп балалары бар отбасыларға 74 400 теңгеден төленіп келген.

- Қазіргі таңды 7 баладан кейін жәрдемақы біркелкі мөлшерде төленеді. Біз бұл жағдайды ескеріп, 8 және одан көп балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып отырмыз, - деді Біржан Нұрымбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу