KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Үржарда қырылып қалған малға өтемақы төленетін болды

23.04.2020, 13:09 262

Үржар ауданының Көктал ауылдық округінде қырылып қалған малға өтемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Көкталда болып жатқан жағдай туралы білемін. Менің тапсырмам бойынша облыстан ветеринария басқармасы басшысы бастаған арнайы комиссия барып, мәселесінің мән-жайын анықтауда. Қазір облыс көлемінде карантин режимі енгізілгендіктен, аудан, ауылдарда қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Десе де, талдау қорытындысы дайын болғанға дейін тұрғындар көкейінде жүрген үрей мен күдіктің бары рас, - дейді аймақ басшысы.

Қазіргі уақытта 253 бас малдың тіркелгені белгілі. Тұрғындармен қатар, 4 шаруа қожалық та шығынға ұшыраған.

Облыс әкімінің шешімі бойынша, үлкен ірі қараның басына 260 мың теңгеден, 2019 жылғы 1 жасар малға 150 мың теңгеден, ал биылғы төлдің басына 50 мың теңгеден өтемақы берілетін болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу