KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Президент Үкіметке екі апта уақыт берді

10.07.2020, 08:06 418

Коронавирусқа қатысты ахуал жақсармаса Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақорда баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы Үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, видеобайланыс арқылы өтіп жатқан жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу